2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

ПРЕЗИДЕНТ ШЫМКЕНТ ӘКІМІНЕ ҚАНДАЙ МІНДЕТ ЖҮКТЕДІ?

Мемлекет басшысы Шымкенттегі мектеп тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімін жеке қабылдап, пәрмен берді. Ғабит Сыздықбеков , әуелі, Президентке мегаполистің даму қарқыны жайлы баяндады. Оның сөзінше, жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 пайызға ұлғайып, 360 миллиард теңгені құраған. Ал шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 139 мыңнан асыпты. Өңірде жаңа әуежай терминалы салынып, теміржол вокзалы реконструкциядан өткен екен. Сондай-ақ, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 орта білім нысаны мен Оқушылар сарайы пайдалануға берілген. Қасым-Жомарт Тоқаев нысандардың әлі де жеткіліксіз екенін айтып, шаһар басшысына бірқатар міндет жүктеді. Экономика, кәсіпкерлерді қолдау, баспана, жол тақырыбы да назардан тыс қалмады.

X