ПРЕЗИДЕНТ ҚЫЗЫЛОРДАҒА БАРДЫ
30 октября 2025
Президенттің жұмыс кестесі қауырт. Кеше ғана Ақордада Суоми елінің басшысын қабылдап, АҚШ-тан келген бір топ делегатпен кездескен мемлекет басшысы бүгін өңір аралауға аттанды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолы Қызылорда облысына жұмыс сапармен барды. Президент табаны жерге тиісімен, бірқатар нысандарды аралап, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысуға кірісіп кетті. Өңірдегі сапар туралы келесі сюжетте толығырақ.







