Прокурор мәлімдемесі: жаппай тәртіпсіздікке байланысты 467 адам ұсталды
8 февраля 2022
Қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, лаңкестік әрекет ұйымдастырды деген күдікпен 467 адам ұсталды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте арнайы прокурорлар қызметінің басшысы осылай мәлімдеді. Оның сөзінше, ұсталған азаматтардың жеке басы, отбасылық жағдайы мен істеген ісіне көзқарасы және басқа да деректері мұқият тексеріледі. Бүгінде аталған осы факторлар жіті қадағаланып, 76 күдікті тергеу изоляторынан босатылған. Жаға ұстатарлық тағы бір дерек, халықты қан қақсатқан қайғылы оқиғадан кейін тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі тұтқындалған.