Репрессия құрбандарын ақтау комиссиясының жұмысы үш жылға созылмақ
31 мая 2021
Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның жұмысы үш жылға жалғасады. Десе де қазірдің өзінде сұрапыл жылдарға қатысты біршама деректің беті ашылған. Бүгінде репрессия құрбандары 100 мың шамасында деп айтылып жүрсе, жаңа категориялардың енуіне байланысты бұдан бірнеше есеге көбеюі мүмкін дейді тарихшылар. Әріптесім Айғаным Достанбай сол жылдардың салқынын бір шолып шықты.