Ресей азаматтығын алған шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айрылды
4 февраля 2021
Шымкенттік шенеунік шетел азаматтығын аламын деп басы дауға қалды. Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Ресей азаматтығын алғаны үшін, Қазақстан азаматтығынан айырылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының маманы мәлімдеді. Ведомства өкілінің сөзінше, шенеунік заңды бұзған.







