10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Ресейде пиротехника сататын павильон өртенді

Базардағы пиротехника сататын павильоннан алапат өрт шығып, отшашу болды. Лезде күш алған жалын 4000 шаршы метр аумаққа жайылған. Тілсіз жау таңғы сағат алты жарымда басталыпты. Оқиға орнына жеткен 200-ге жуық маман 66 техника мен 4 автоцистернаның көмегімен лаулаған отты 4 сағатта әрең өшірген. Дереккөздің мәліметінше, ғимарат ішінде павильондар опырылып қираған. Болжам бойынша, өртке жылыну үшін қолданылған пештің ақауы себеп болуы мүмкін. Нақты неден тұтанғаны қазір анықталып жатыр. Төтенше оқиға Ресейдің Ростовтағы Дон қаласында тіркелді. Жергілікті прокуратура базарда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қатысты тексеріс бастады. Адам шығыны мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

X