Ресейде студент атыс ұйымдастырды
20 сентября 2021
Ресейдің оқу орнында тағы да атыс болып, 8 адам көз жұмды. Бұл жолы Перьм қаласының 18 жастағы тұрғыны өзі оқитын университетке баса-көктеп кіріп, ондағыларға оқ жаудырған. Көршілес елдің ақпарат көздері таратқан бейнежазбада жоғарғы қабаттан студенттердің секіріп, біршамасының қан-жоса болғанын байқауға болады. Қайғылы оқиғаның мән-жайын Нұржан Сәдірбай баяндайды.