Өркениеттен жұрдай күйгенжар ауылы
17 ноября 2021
Күйгенжарлықтар «тура Елорда іргесінде отырып, өркениет атаулыдан қалыс қалдық» деп налиды. Мұнда жарық та, су да дұрыс берілмейді. «Бәріннен де балаларға обал болды» деген жұрт шенеуніктерден мәселелерін шешіп беруді талап етеді. ХХІ-ші ғасырда электр жарығына жарымай, тіршілік нәрінен тарығып отырғандардың жанайқайын біздің тілшіміз де тыңдап-қайтты.