Алматы облысының тұрғыны ұрланған көлік мініп жүргенін 4 жылдан кейін ғана білген. Онда да ақша керек болып, темір тұлпарын сатпақ болған кезде анықталыпты. Полицейлер бірден жылжымалы мүлкін тәркілеп алғанымен. Бірде бір құжат көрсетпепті. Қара жаяу қалған отбасы Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне шағым түсірген. Құзырлы органдардан мардымды жауап болмаған соң біздің арнадан көмек сұрады.
Ұрланған көлік мініп жүргенін 4 жылдан кейін білген
Дата: 18.09.2020