18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Ұрланған жылқылар мал базарынан табылды

Алматы облысында ұрланған 17 жылқы мал базарынан табылды. Шығынның жалпы көлемі 12 миллион теңгеден астам қаржыға бағаланған. Барымташылар Қамбар ата төлін түн ішінде жайылымнан айдап әкетіп, сатпақ болған екен. Бірақ бұл арам ойларына түк шықпады. Жәбірленуші өз малын базарлардың бірінде танып, полицейлердің көмегімен қайтарып алған. 37 жастағы Жамбыл ауданының тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

X