Ұрылардың саусағын кесіп тастау керек!
4 февраля 2022
«Ұрылардың саусағын кесіп тастау керек!» Бұл Шымкенттегі «Асар-2» шағын ауданы тұрғындарының жанайқайы. Себебі, жылдар бойы қолының сұғанағы барлар үйлерін тонап, тыныш өмірлерінің шырқын бұзған. Тіпті, соңғы айларда ұрлау фактілері жиілеп кетіпті. Бірақ пагондылар ешқандай шара қолданбай, жайбарақат жүргесін жұрттың ызасына тиген. Жағдайларын айтып жиналған халықпен Ғалымжан Кенжебек тілдесіп қайтты.