10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Құс еті қымбаттауы мүмкін

Батыс өңірде құс етінің құны шарықтауы мүмкін. Мал етінің бағасы онсыз да удай қымбат екенін ескерсек, жергілікті тұрғындар үшін бұл жығылғанға жұдырық болғалы тұр. Бар гәп — Маңғыстау облысындағы құс өсіретін кәсіпорында. 8 мың қанаттыны баптап отырған кәсіпкер төрт жылдан бері жылыжайына газ тарта алмай, әлекке түскен. Көмірге күні қараған бизнес иесі енді тауық етінің құнын жоғарылатудан басқа амалы жоқ екенін айтады. Бұл ретте құзырлы органдар не дейді? Толығырақ тілшіміздің келесі материалынан қаныға аласыздар.

X