10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Сұлулық салондары ашылуға рұқсат сұрап отыр

Карантинге байланысты қиын жағдайға тап болдық. Сондықтан, басқа да мекемелер тәрізді сұлулық салондарының да жұмысын жандандыруға рұқсат беріңіздер. Алматылық кәсіпкерлер Президентке, Үкімет басшысы мен қала әкіміне хат жолдады. Онда олар сұлулық салондарын екінші кезеңде ашылуға рұқсат берілетін нысандар қатарына қосуды сұрайды. Бұл кезеңдегі өндіріс орындары сәуірдің 27-сінде жұмысын бастайды деп жоспарланған екен. Алайда, әзірге Жедел штаб нақты қандай салаларға рұқсат берілетінін ресми түрде хабарламаған.

X