18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Сүт өңдеу зауыты іске қосылды

Петропавлда «Eurasian Milk» сүт өңдеу зауыты іске қосылды.  Жылына  елу мың литрден астам шикізат өңдеуді жоспарлап  отырған  кәсіпорынға жаңа қондырғылар орнатылып,  шетелден кәсіби  мамандар шақырылды.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Цехтардарағы су жаңа қондырғылар  күнмен шағылысып, шикізат өңдеуге дайын тұрса да , тетіктерді бұрып көріп,  бір тексермесе болмайды дейді мамандар.   Қымбат дүниені сатып алуға 12 миллион доллар қаржы жұмсалыпты.   Ақшаның 70 пайызы  кәсіпорын  құрамына кіретін  Eurasian Foods Corporation  холдингінің өз ресурсы.

АНДРЕЙ ГРИЦЕНКО -«EURASIAN MILK»  ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
«Бүгінгі таңда бұл зауыт еліміз бойынша сүт өңдеуге қажетті  ең заманауи  техникамен жабдықталған  бірден бір кәсіпорын.  Мұнда бірнеше желі іске қосылған. Шикізатты қабылдап алып,  оны өңдейтін  қондырғылар Германиядан алынды.  Ал май шайқайтын машина Швейцариядан келді.  «Моцарелла» ірімшігін  австриялық қондырғы жасаса,  қалғандары үшін итальяндық техника  сатып алынды.  Осындай түрлі елдерден әкелінген желілер тек біздің зауытта ғана бар».

Заманауи қондырғылармен жабдықталған мұндай кәсіпорынның іске қосылуы  елімізде тамақ өндірісінің экономикалық  қиындықтарға қарамастан  қарыштап дамып келе жатқандығының  айғағы.  Бұл  отандық инвесторлардың  салаға қызығушылығының  арқасында мүмкін болып отыр.  Пандемия кезінде  мұндай ірі  жобаны жүзеге асыру оңай болған жоқ, әрине. Алайда қиындықтарға қарамастан мамандар барлық шаруаны дер кезінде тындырып үлгеріпті.

АНДРЕЙ ГРИЦЕНКО — «EURASIAN MILK»  ЖШС  БАС ДИРЕКТОРЫ
«Бұл жобаны жүзеге асыру  мақсатында  кәсіби мамандар шақырып, зауыттағы жұмысшылар санын көбейттік.  Қазір мұнда  150 адам еңбек етеді.  Өнім түрлерін көбейту үшін тағам технологтарын Швейцария, Австрия, Италия  мен  кәрі құрлықтың өзге де елдерінен алдырттық.  Біздің кәсіпорынның  алғашқы өнімі   келесі айда  тұтынушыға  жол тартады деп жоспарлап отырмыз.   Жұрттың көңілінен шығып жатсақ, өнімді  шет елге де  экспорттауға дайынбыз».

Зауыттың алғашқы сынамалары тиісті деңгейде өтті -,дейді мамандар,   Қажетті шикізат жергілікті  шаруа қожалықтарынан сатып алынбақшы.  Терскейлік  тауар өндірушілерді қолдауға құлшынып отырған кәсіпорын  сүт  сапасына аса мән бермекші.  Егер тараптар жақтан ауызбірлішік болып жатса, Eurasian Milk  шаруалармен  ұзақ мерзімді келісім шарттар да жасайтын болады.

X