САБАҒАН АЛҚАШ КҮЙЕУІНЕН КӨЙЛЕКШЕҢ ҚАШАМ ДЕП, АЯЗДА ҮСІП ӨЛДІ
25 февраля 2021
Аяусыз сабаған алқаш күйеуінен қашамын деп аяздан үсіп көз жұмды. Жұбайының жұдырығынан қорыққан келіншек қыстың қақаған суығында сыртқа көйлекшең шығып кеткен екен. Ащы судың әлегінен болған сұмдық жайттың жай-жапсарын арнамызға марқұмның туысқандары айтып берді. Олар бауырларын өлтірген қаскөйдің бостандықта жүргеніне наразы.