САМҰРЫҚ АТЫНАН АТ ҮРКЕТІН ҚОРДАН АҚША АЛҒАН
28 декабря 2023
«Самұрық-Қазына» қорының микроқаржы ұйымдарын қаржыландырып келгені қаншалықты рас? Бұндай сыбыс БАҚ-да жарияланды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында сатылған әр билеттен үлес алатын жеке серіктестік жайлы ақпарат тарады. Онда «Инстант Пейментс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 9 жыл ішінде ұлттық компаниядан 5 миллиард, 700 миллион теңге табыс тапқаны жазылған. Ол компанияның қазіргі қожайыны кезінде «Оператор РОП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қызмет еткен Дияс Мадиғожин есімді азамат екені белгілі болды.