Сандалған салымшылар
14 октября 2021
Елін алдаған «Елім-ай». Алаяқтарға жем болдық деген шымкенттіктер шу шығарды. Классикалық схеманы ұстанған кооператив басшылары жұртқа баспана және көлік алып береміз деп, уәдені үйіп-төккен. Әдемі сөзге арбалған аңқау жандар бар жиған-тергенін төңкере салыпты. Енді үй, темір тұлпар түгілі мән-жайды түсіндіруге талпынбаған тұлғалар қашып жүрген көрінеді. Сандалған салымшылармен Ғалымжан Кенжебек сөйлесіп қайтты.