Сарбазды басып өлтірген қызылордалық ұсталды
17 февраля 2022
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскери КамАЗды тартып алып, жүк көлігімен Ұлттық ұлан сарбазын басып өлтірген қызылордалық ұсталды. Мына видеодан бүлікшілердің қолдауымен, бұзақы тізгіндеген КамАЗ-дың әскерилердің шебін бұзуға жүйткіп келе жатқаны анық көрінеді. Өкінішке қарай, қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров қашып үлгермей, ауыр техника оны жаншып өткен. 19 жастағы сарбаз оқиға орнында көз жұмды. Марқұм бір отбьасының жалғыз ұлы болған.