Сары аяз елді әбігерге салды
8 января 2021
Сақылдаған сары аяз Арқа тұрғындарын ғана емес, республикамыздың бірқатар өңіріндегі азаматтардың мазасын алды. Сынап бағанасы әсіресе Ертіс өзені бойындағы шаһарларда және солтүстік облыстарда 30-35 градустан жоғары көтерілмей тұр. Шағым айтып хабарласқан халықтың қарасы көп. Ауа райы мың құбылғанда жұртқа қол ұшын созған еріктілер де табылуда.







