Саяжай өртеніп, 40 отбасы жапа шекті
6 мая 2021
Семейдегі «Семей Мұрат Доверия» саяжайында түнде 40-тан астам отбасының техникалары өртеніп, істен шықты. Алқабта тұратындар мен жеміс-жидек, көкөніс отырғызатындар қызыл жалынға ескі транформатор мен оған жауаптылар кінәлі дейді. Ал, «Семей Мұрат Доверия» қоғамдық бірлестігіндегілер төтенше жағдайдың болатынын жергілікті биліктегілерге ескерттік деп, ат-тонын ала қашып отыр. Теледидар, тоңазытқыш, тіпті, дүкеннен айырылғандарға кім шығынын өтейді? Нұржан Сәдірбай жалғастырады.