Алдағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына бюджеттен 15 млрд теңгедей қаржы қажет. Бірақ, бұл сан ары қарай өсуі мүмкін. Мұндай мәліметті Орталық сайлау комиссияның төрағасы айтты. Сондай-ақ, науқанға қатысатын әр үміткер 679 мың 500 теңге сайлау жарнасын төлеуге міндетті. Кандидаттарды ұсыну науқаны 10 қарашада басталады екен. Бірақ, қазірдің өзінде еліміздегі партиялар өзінің додаға қатысатын үміткерлерін дайындап жатыр.
Сайлауға 15,3 млрд теңге жұмсалады
Дата: 21.10.2020