Атақты сазгер, Нұрғиса Тілендиевтің қызына қарсы дау күннен-күнге ушығып барады. Талдықорғанда жетістігі мен атағы дардай саз мектебі бар. Осы мекеме сенімгерлік басқаруға өтіп кеткелі, ұстаздармен қоса, ата-аналардың да наразылығы тоқтар емес. Енді оқу ақысы қымбаттап, балалары мектептен шығып қала ма, — деп алаңдаулы. Ал, Динара Тілендиева әкесінің атындағы мекемені өз қарауыма алып, дамытпасам, керісінше құлдырайды дейді. Әрі 60 жылдық тарихы бар ғимаратты күрделі жөндеуден өткізгелі отыр екен.
Саз мектебіндегі дау ушықты
Дата: 13.11.2019