Семейде осыдан 10 жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт әлі күнге дейін табылмай отыр. Ұлын уайымдаған ана редакциямызға хабарласып, халықтан көмек сұрауда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бұл он тоғыз жастағы Шалқардың үйленген сәтіндегі фотосы. Анасының қолындағы ер жеткен кезіндегі жалғыз суреті осы ғана екен. 25 жастағы бауыр еті баласын Семей қаласына шығарып салған жалғызбасты ана, содан бері оны көрмеген. Араға он жыл салып із-түссіз жоғалып кеткен ұлын әлі күнге дейін үміт үзбей сағына күтуде.
РЫСКҮЛ БАЙМАДИЕВА, АНАСЫ: «Қалаға барып, жұмыс істеп, ақша табын деп кеткен қыста. 2010 жылы. Жазға дейін осы қалада Семейде болды. Июньда кішкентай ұл осы Шәкәрімнен диплом алып, үйге екеуміз бірге қайтамыз дегенде үлкен ұл келмей қалды».
Хабар ошарсыз кеткен баласын іздеген ана полицейлерге арыз жазудан жалығар емес. Алайда құзырлы орган өкілдерінен әзірге еш нәтиже жоқ . Іздеуге еріктілер де жұмылдырылған. Әр күнін жылаумен өткізіп отырған ана амал қалмағаннан балгерлерге де жиі жүгінетін болыпты.
РЫСКҮЛ БАЙМАДИЕВА, АНАСЫ: 00:59- 1:19 файл 00590
«Бәріне де барам, Естісем бір жерден,барамын. Телефонмен де құмалақшылар бар, неше түрлі, солармен де, ақшасын салып жібересің. Бәрінің айтатыны бір: тірі, келеді, хабарласады дейді. Сол енді. Тосқаннан басқа шара жоқ».
Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған ана осыдан үш жыл бұрын ұлы туралы жағымды жаңалық естіпті. Шалқардың інісіне достары хабарласып, ағасының Қызылорда қаласындағы ауруханаға барып тіркелгенін айтып қуантқан. Хабарды естіген олар бірден сол жерге аттанып, полицейлерге қайта арыз жазған. Өз бетінше де іздеген. Алайда, бұдан да түк шықпады. Қайғыдан қан жұтқан ана ұлын көрген не нақты жүрген жерін білетін жан болса +7 747 473 46 36 немесе 102 байланыс нөмерлеріне хабарласуды сұрайды.