3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Семейде қара қар жауды

Қардың да қарасы бар. Семей көшелерін жапқан қап-қара қар, жергілікті жұрттың зәре-құтын қашырып отыр.  Тұрғындар будақтаған қара түтінге қақалып,  денсаулықты әбден құртатын болдық дейді.  Сонда айналаны қар қардың басуына не себеп? Бұған қатысты жауаптылар не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Семейде де қара қар жауады кинодағыдай. Тек фильмдегі «от халқын» жылу электр орталығы алмастырғандай.

Қалың көпшілікті қорқытып, тұрғындардың зәре-құтын қашыртып, демалуға мұрша, көшеде адамша жүруден қалдырған бұл құбылыс  ел-жұртқа таңсық емес. Жылдағы көрініс.

«Міне бір қар жауды. Аппақ. Сосын сажа кетті. Сосын тағы қар жауды опять сажа»

Дегенмен, биылғы қара қардың қалыңдығы жылдағыдан әлдеқайда көп. Үйдің іші шаң-тозаң, көліктер мен көшелер көк түтінге толы.

АНАСТАСИЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Машины моешь не моешь постоянно черные. Крыши черные. Огород черный. Это нормально?»

Әрине, жоқ. Ауадағы  көміртек оксидінің шамадан тыс болуы түбінде жақсылыққа апармасы анық. Оны арнайы маман түгілі, қарапайым халықтың өзі бес саусағындай біледі.

ӘСИЯ СҰЛТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Весь качегардың дымдары бізге барады ғой енді. Күн-түн жағылады ғой качегарка.»

Иә,  даудың басы мына жылу станциясынан басталды.

Экология министрлігінің  жүргізген зерттеуіне сәйкес, жылу электр станциясының жұмысынан бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Дәлірек түтін жолдарының техникалық жай-күйі сын көтермейтіні, онда саңылаулар мен тесіктер бар екені белгілі болды. Салдарынан ауаға тараған көміртек оксиді шамадан екі есе жоғары екен.

ДАНИЯР ӘЛИЕВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
«61 млн теңге айыппұл, сүзгілерді ауыстыру»

Ал жылу электр станциясының басшылығы қаланың қара қарға жамылуын қазандықтың толыққанды жұмыс істемей, салдарынан көмірдің соңына дейін жанып үлгермеуімен байланыстырып отыр. Дегенмен мәселе шешулі үстінде деп сендірді. Бұған 2 млрд теңге қарастырылыпты.

X