Семейдегі апатты үйлер
16 сентября 2021
Семей маңындағы Мирный кентінің тұрғындары су астында қаламыз ба деп қауіптенеді. Себебі, қала билігі елдімекенді өзеннен қорғап тұратын сап-сау бөгетті сүріп тастап, орнына жаңасын салмақ болған. Ал күз болды, жұмыс әлі басталған жоқ. Жобаға қомақты қаражат бөлінгенін білген әлеумет атқамінерлерге талабын айтты. Су тасқынынан жүректері шайылып қалған өңір жұртымен әріптесім тілдесіп келді.