Семейдегі сапасыз үйлер бір жылда тозып кетті
2 сентября 2021
Жыл өтпей тозығы жетті. Семейде әкім Даниал Ахметовтың бастамасымен салынып, ақпан айында тапсырылған үйлердің сапасына оны мекен етушілер шағымданды. Көбіне әлеуметтік осал топтағылар мен көпбалалылар паналаған баспананың төбесінен су сорғалап, сыз басқан. Есік-терезесі де қисық қойылған үйлерді жел улеп, балалары ауыршаң бола бастапты. Су жаңа үйге кірдім деп, қиындыққа тап болғандармен тілшіміз сөйлесті.