10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Сенат төрағасы сайланды

Кім Сенат спикері болады? Өткен сенбіден бері Қазақстанның саяси өмірінің басты тақырыбына арналған болжамдарға нүкте қойылды. Бүгінге дейін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны алдымен сенатор етіп тағайындап, содан кейін спикерлікке ұсынды. Жоғары палата депутаттары жасырын дауыс беру арқылы кандидатураны қолдады. Сонымен, үш қыздың әкесі, 49 жасында Парламент тарихында ең жас төраға атанған Мәулен Әшімбаевтың саяси мансабы қалай өсті? Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа спикерге қандай міндет жүктеді?

X