СЕНІМДІ НЫҒАЙТҚАН СОТ
8 октября 2025
Астана халықаралық қаржы орталығының соты мен Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі және Аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт Британ империясы орденінің офицері атағымен марапатталды. 1917 жылы тағайындалған бұл жоғары мемлекеттік награда халықаралық деңгейдегі ерен еңбек пен қалтқысыз қызмет үшін беріледі. Дәл осы азаматтың көшбасшылығы және стратегиялық көзқарасы Астана халықаралық қаржы орталығының соты мен Халықаралық төрелік орталығының Еуразия кеңістігінде дауларды шешудің жетекші моделі ретінде қалыптасуында айрықша рөл атқарды.







