0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

СЭС СЕС көрсетті

Есі бар елдің — СЭС-і бар, СЭС-і бар елдің несі бар, айыппұлдан басқа? Соңғы кездері хаттаманы жол сақшыларынан да жиі толтыратын санитарлық-эпидемологиялық бақылауға көптің өкпесі осындай қара қазандай. Әрине, дұрыс, іс бастаған соң жалпыға ортақ ережеге бағынуың керек. Тамақ пісіріп сатсаң, тазалығы — басты талап. Кафе ашсаң, келушілердің саны — негізгі қағида. Алайда, билігі өзінде емес мекемелерге СЭС келіп «сес көрсетсе, кім кінәлі? Мәселен, мектептер өз ғимаратын өздері салмайды. Бірақ, ескі бөлме бар болса -айыппұл, спорт залы тар болса да айыппұл. Кең сыныпқа зар болса да айыппұл, есік алды қар болса да айыппұл. Жәй айыппұл емес, зор айыппұл! Тілшіміздің келесі материалында «СЭС» келеді дегеннен сескенетін жұрттың зары мен құзырлы органдардың бұған жауабынан қанық бола аласыздар.

X