3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Үш баланы қағып, қашып кетті: 4 жасар бала көз жұмды

Түркістан облысында жүргізуші үш баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Ауыр дене жарақатын алған 4 жастағы бүлдіршін көз жұмды. 16 жастағы бозбала мен 13-тегі жасөспірім дәрігерлердің бақылауында. Оқиға Жетісай ауданында болған. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтау үшін жедел іздеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнын жіті тексерген полицейлер машинаның артқы жарық шамдарының және айнасының қалдықтарын тапқан. Іздестіре келе бұл сынықтар «Ауди-100» автокөлігіне тиесілі әрі көліктің түсі сұр-қара болғанын анықталған. Нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол жасы 40-тағы Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдай ыжайлы айтып берді.

X