Үш баланың анасы күйеуінің өліміне қатысты әділдік іздеп жүр
15 июля 2021
«8 айда көрмеген қорлығым жоқ». Нұр-Сұлтанға Ақмола облысынан әділет іздеп келген Меруерт Садықова көпшіліктен көмек сұрады. Келіншектің учаскелік полицей болған күйеуі осыдан сегіз ай бұрын жол апатынан көз жұмған екен. Бірақ, біршама уақыт өтсе де, тергеу дұрыс жүргізілмей, күдікті бостандыққа жіберілген. Үш баласын Ақмоладан елорданың шенді-шекпенділері отыратын сол жағалауға ертіп келген азаматшамен Нұржан Сәдірбай тілдесті.