3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

ШҚО-да кезекші сыныптың төрт оқушысы коронавирусқа шалдықты

Кезекші сыныптың төрт оқушысы коронавирусқа шалдықты. Науқастардың бәрі Шығыс Қазақстан облысынан. Қауіпті инфекция Шемонаиха ауданындағы 4-сыныптың екі оқушысынан, Көкпектідегі 11-сынып оқушысынан және Алтай ауданындағы 2-сынып оқушысынан табылды. Қазір олардың жағдайы орташа деңгейде дейді мамандар. Барлығы амбулаториялық жағдайда ем алып жатыр. Айта кетейін, кеше ғана Парыгино ауылының Ковид жұқтырған оқушысы туралы айтқан едік. Аурудың алғашқы белгілері ол балада 11 қыркүйекте байқалған. Дене қызуы 37-ге көтеріліп, анасы дәрігерге апарады. Сол жерде алынған ПТР тесттің нәтижесі оң болып шықты да, екеуі де оқшауланды.

X