Елімізде коронавирус жұқтырғандар күн сайын көбейіп келеді. Өткен тәуліктің өзінде 762 адамнан Covid анықталды. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай алағдатарлық. Мұнда
252 адам індет жұқтырған. Осыған орай карантиндік шаралар әзірге бұл аймақта жеңілдемейді. Алайда жағдайдың сәт сайын ушығып жатқанына қарамастан, тұрғындар әлі күнге бейқам. Санитарлық талаптарға бей-жай қарап жүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Вирустың екінші толқыны белең алғалы бері еліміздің шығыс аймақтары індет ошағына айналды. Өңірде тәулік сайын науқастар саны көбейіп, республика бойынша ауырғандардың 50 пайызын бір-ақ қамтыды. Статистика соңғы күндері тіпті жаңа туған нәрестелермен де толығуда. Аймақта пандемия басталғалы 14 шарананың ПТР-тесті ковидтың оң нәтижесін көрсеткен. Күні кеше де ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысынан тіркелді. Мұнда 252 тұрғынның қанынан коронавирус анықталыпты. Қабылданып жатқан шұғыл шараларға қарамастан, «қызыл аймақтағы» өңірде індеттің беті қайтпай тұр әзірге.
ТАЛҒАТ ТҰҢҒЫШБАЕВ, ШҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
«Шектеу шараларының қолданылу кезеңінде қоғамдық тамақтану объектілері,азық-түлік емес сауда обектілері немесе сенбі-жексенбі мереке күндері келушілер үшін өзімен алып кетуге рұқсат берілген. Облыстың сыртқы шекараларында бұрынғыдай бақылау 17 шекара бекеті жұмыс істеп жолаушылар ағыны қатаң бақылауға алынды».
Осыған дейін жауапты ведомства өңірде індеттің өршуіне үш негізгі себепті атаған-ды. Халықтың көшіп-қону деңгейінің жоғары, одан қалды азаматтар карантин режимін сақтамайды. Сондай-ақ ПТР-зертханалары жұмысыны сын көтермейді-мыс. Зертхана демекші, жуырда ғана Өскемендегі ПТР лаборатория еліміздің бас санитарын табалдырықтан аттатпай қойғаны бар. Екінші толқынға дайындық барысын тексеруге барған Ерлан Қиясов осылайша, ғимаратқа бас сұға алмай қайтқан еді. Ал жабық есіктің ар жағында қандай былықтың жасырын қалғаны әзірге белгісіз. Белгілісі Семейдегі жеке зертхананың жайы. Онда оң нәтиже көрсеткен 40 тестің 21-і қате екені анықталған.
ТАЛҒАТ ТҰҢҒЫШБАЕВ, ШҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
«Біздің климаттық және географиялық жағдайымызды ескеру қажет. КУовид 19 тұмау секілді дәл осы уақытта тез таралады. Екіншіден, біздің өңір тұрғындары және кәсіпкерлік субъектілері эпидемиологиялық шектеу шараларын сақтамауы болып табылады».
Маман сөзінің жаны бар. Вирустық ахуалдың өршіп тұрғанына қарамастан, шығыстықтар әлі бейқам жүр.
«Маскаңыз қайда?
«Білмеймін, өзім сенбеймін оған. Өтірік шығар. Оның барлығы саясат.
« Бәрі маскасыз жүр.
«Білмеймін енд, Өскеменде өтірік деп жатыр ғой. ПЦР тесттің өзі өтірік жазылды деп жатыр.
« Әртүрлі даулы нәрселер бар, түсініксіз жағдайлар көп. Автобустар да маска кию кимеуді міндеттеледі. Мәселе біздегі медицина саласының бақылаусыз кеткендігі.
Қала тұрғыны айтса айтқандай, вирус өршіп тұрғанда облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орны бір айға жуық уақыт бос тұрды. Қазір Шығыс Қазақстан облысында коронавируспен 533 дәрігер және 1,5 мыңға жуық орта медициналық қызметкер күресіп жатыр.