ҰШАҚТАР НЕГЕ КЕШІГЕ БЕРЕДІ?
21 августа 2024
Пойыздардың бәрі кешіккесін, асығыс жұрт амалсыз ұшаққа билет алады. Бірақ қазір біздегі авиация да жылдам жеткізеді деп айта алмайсың. Аспандағы көліктің бағасы да аспандап кеткенін былай қойғанда, өз уақытында ұшпайтын, ұшса айналшықтап қона алмай жүретін лайнерлер елді әбден мезі қылды. Іштегі жүріс-тұрысты көтере алмай жатқан азаматтық авиация ертең көшпенділер ойындары басталып, әлемнен қонақтар ағылған кезде мүлде масқара болмай ма?