Шахтадағы апаттың себебі: Еңбек тәртібі бұзылып, жұмысшылар улы газға тұншыққан
21 января 2021
Ақтөбе мыс компаниясының шахтасындағы кеншілердің өліміне не себеп болғаны анықталды. Үш апта бойы тексеру жүргізген мемлекеттік комиссия бүгін тексеру қорытындысын жариялады. Аймақтың бас еңбек инспекторы апатқа кәсіпорында жұмыстың дұрыс жолға қойылмағаны, жұмыс берушінің қауіпсіздік ережелері мен еңбек тәртібін бұзуы және жұмысшылардың салғырттығы себеп екендігін айтты. Олар улы газға тұншыққан. Комиссия апат болған сәтте кәсіпорындағы желдеткіш шахтасы жұмыс істемей тұрғанын да айтты.