Шамалған жұртының қуанышы! Алматы облысында өткен жылы болған жантүршігерлік оқиғадан кейін жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелі салынып бітті. Бұған дейін жасы да, жасамысы да темір жолдан ары-бері қорқып өтіп, жандарын шүберекке түйіп жүретін еді. Жергілікті бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, бас-аяғы бір жылдың ішінде жаңа өткел бой көтерді.
Шамалғанда көптен күткен көпір салынды
Дата: 25.09.2020