Шаруалар үшін жанармайды екі есе арзандатуға мүмкіндік бар. Үкімет осыны қолға алуы керек. Бүгін сенаторлар Асқар Маминге сауал жолдап, азық-түлік қауіпсіздігін қамтып отырған диқандарға қол ұшын созуды сұрады. Әлемдік нарықта қара алтын 2 2,5 есе арзандаса, бізде сұйық отын небары 10 процентке бағасы төмендепті. Шынында дизель құнын анағұрлым арзан бағамен сатуға болатынын меңзеген сенаторлар өзімізді алдаудан аулақ болайық дейді.
Шаруалар үшін жанармайды екі есе арзандатуға болады
Дата: 09.04.2020