Шаруалардың танауы тасқа тиді
18 ноября 2021
Шаруалар шенеуніктерді астанаға арнайы іздеп келді. Қазақ шаруаларының бірінші құрылтайына жиналған фермерлер «Маңғыстаудағы жұт мойындалсын, өңірде төтенше жағдай жариялансын» деп талап етті. Мұнда жаз бойы тамыр жеп, әрең аман қалған мал қыстың қақаған суығына шыдас беруі екіталай. Қазірдің өзінде күйсіз малға жем-шөпті де үйіп-төгіп беру мүмкін болмай тұр. Мал азығы жоқ, ал тапқан жағдайда бағасы удай. Осындай арызымен ат арылтып арнайы астанаға келген шаруалардың алдында, масқара болғанда ауыл шаруашылық министрлігінен бір де бір шендісі төбе көрсетпеді. Арғысымен тілшіміздің келесі материалынан қаныға аласыздар.