Жаздың үш айында шетелде еңбек етіп, қаржы табамын деген 200-ге жуық қазақстандық студент арнамыздан көмек сұрады. Олардың айтуынша, «Work and Travel» бағдарламасы аясында АҚШ-қа жіберетін елордалық компания өз міндетін дұрыс атқармай отыр. Біріншіден, мамандар пандемия кесірінен студенттерді шекара асырмаған. Екіншіден, жұмыстарындағы олқылықтар бар болса да, компания төлеп қойған ақшалардың көп бөлігін кері қайтармапты.
Шетелде жұмыс жасамақшы болған студенттер төлеген ақшаларынан айрылды
Дата: 26.06.2020