10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Шетелден оралған отандастарымыз елге індет әкеліп жатыр

Шетелден оралған Қазақстандықтар елге вирус әкеліп жатыр. Мысырдан келген тағы төрт отандасымыздан коронавирус анықталды. Кеше ғана Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып, Қостанайға қонған азаматтар ПТР-тест тапсырып, карантиндік стационарда нәтижесін күтуде. Ал біздегі жағдай онсыз да мәз емес еді. 10 қаңтарда 773 адамнан коронавирус пен пневмонияның Covid-ке ұқсас түрі анықталды. Бір күнде 1 адам — коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Ақмола облысы аурудың таралуы бойынша қызыл аймақта тұрған еді, оған енді батыстағы Атырау қосылды.

X