Шошқа жыры шаршатты
25 августа 2021
Атырауда көршілер дауы үш жылдан бері басылмай тұр. Тұтас бір мөлтек аудан тұрғындары көршілерінің шағын ауланы шошқа фермасына айналдырғанына қарсы. Қолқаны қабатын иіске шыдамаған «Водников-2» ықшам ауданы тұрғындарының арыз айтып бармаған жері қалмады. Енді міне, қырсық көршіден көресіні көрген көпшіліктің үміті – көгілдір экранда.