Шымкент алдағы 5 жылда адам танымастай өзгереді
9 декабря 2021
Шымкент парақорлар санынан да, олармен күрес жағынан да шашасына шаң жуытар емес. Шырайлы шаһарда жемқорлардың жолын кесетін жаңа жоба ойлап тауып, жүзеге асырылып жатыр екен. Мұны бүгін елордада есеп берген мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Шаһардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтқан шенеунік 2018 жылы басталып, құрылысы жыр болған халықаралық әуежай терминалына да тоқталды. Айтпақшы, алдағы бес жылда шымқала, шынымен-ақ, адам танымастай өзгереді дейді, әкім сөзіне сенсек. Сонда қай жағынан? Оны тілшіміз келесі материалда тәмпіштеп айтып береді.







