Шымкентте кәмелеттік жасқа толмаған бозбаланың өліміне қатысты сот процессі басталды. Күдікті ретінде қолға түскен 5 жігіт 6 айдан бері тергеу изоляторында отыр. Оларға «бұзақылық және абайсызда адам өліміне әкеп соққан» әрекеттері үшін қылмыстық кодекстің қос бірдей бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. Айыпталушылар алғашқы отырысқа скайп желісі арқылы ал, олардың туыстары мен адвокаттары және жәбірленуші жақ залда отырды. Бірақ, аудармашының ашық сот талқылауына белгілі себеппен қатыса алмауына байланысты, отырыс кейінге шегірілді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
ДӘУРЕН САЙХАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Сот отырысына аудармашы, Атаеваның қатыспағандықтан, сот отырысын 26 қараша сағат 10.30-ға тағайындаймын. Сот отырысын жабық деп жариялаймын. ))
Қылмыстық процесс ашық есік жағдайында және қазақ тілінде өтеді. Еске сала кетейін, бұл оқиға осы жылдың 22-ші мамырында болған еді. Шымкенттің іргесіндегі Маятас ауылында үш жігітті бір топ жасөспірім аяусыз ұрып соққан. Салдарынан 17 жастағы Алмас Ұтқыров ауруханада есін жимастан көз жұмды.