Шымкентте мұғалімдер есепшісіне іздеу жариялады
29 ноября 2021
Шымкенттегі Оразбай атындағы №115-ші мектеп мұғалімдері есепшілеріне іздеу жариялайды. Бұған себеп — айлықтарының дұрыс есептелмеуі, зейнетақы қорына қажетті ақшаның аударылмай қалуы. Ал, жағдайларын айтып, базынасын жеткізген құзырлы орган басшылары «қолдарыңнан келгенді істеп алыңдар» деп өздеріне қоқан-лоққы көрсететінге ұқсайды. Сондай-ақ, директор мен есепші қит етсе, ауырып жатып алуды кәдімгідей әдетке айналдырып алған. «Есепшіміз есімізді шығарды, директорымыз болса, дұрыс басшы бола алмады» деген ұжыммен біздің тілшіміз де тілдесіп қайтты.