Шымкентте ветеринарлар шу шығарды
14 мая 2021
Шымкентте жұмыссыз қаламасыз ба деген ветеринарлық дәрігерлер шу шығарды. Онсызда мардымсыз айлыққа күнелтіп жүргендерге апта бұрын жұмыстан шығасыңдар деген хабар келген. Аяқ асты абдырап қалғандарға басшылық тарапынан түсінідіру жұмыстары да жүргізілмеген. Ал, жауапты шенеуніктер қысқарту жұмыстарын президент пәрменін жүзеге асырып жатырмыз деп ақталып бақты. Өңірдегі тілші Ғалымжан Кенжебеков толығырақ тарқатады.