Шымкенттіктерді алдап соқты
28 декабря 2021
Шымкентте азаматтар алаяққа алданып қалды. Миллиондаған қаржысын өз қолымен санап беріп, сан соққан түстіктегі ағайын ашуға булығып отыр. Арасында ауруға шалдыққаны да бар. Алаяқ азаматтарды жұмыспен қамту басқармасының мамандарымыз деп сендірген. Даму қорынан қыруар қаржы шығарып береміз дегендер алғашында 90 мың теңгеге 500 мың соммадан астам қаржы беріп, сенімге кірген. Кейін «12 млн берсеңдер 70 млн шығарып береміз» деп ақша жинап ұшты-күйлі жоқ болыпты. Ашынғандардың арызын «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тыңдап қайтты.