Соғым қымбаттады
30 ноября 2021
Соғым шүйгін болсын! Иә, күн суытқанда жем-шөбін, отын-көмірін қамдаған қараша енді соғым мәселесін шешуге жең түре кіріскен. Әркім өз жағдайына қарай әрекет етіп, бірі тана, тағы бірі жылқы сойып алып жатыр. Бірақ, қымбатшылық қос өкпеден қысқан бүгінгі күні көжелік деп есептелетін қойдың өзін соғым етіп, қанағат қылып жатқандары да баршылық. Бұған ауылдағы ағайын сенбеуі мүмкін, десек те бұл қала тұрғындары үшін ащы шындық. Сонымен соғым сою баршылықтың белгісі ме, әлде мол етті арзанға алудың амалы ма? Бұл сауалға мал базарын аралап қайтқан тілшіміздің келесі материалынан жауап таба аласыздар.