Елімізде коронавирустың беті қайта бастаған сыңайлы. Солтүстік Қазақстан облысы ең қауіпті деп саналатын «қызыл» аймақтан шықты. Мұнда тек қазір бір ғана қала, Нұр-Сұлтан қалып отыр. Соған қарамастан кезекші сыныптардағы оқушылар тоқсан аяқталғанша мектепте оқи береді. Кеше Қазақстанда 747 адамнан коронавирус анықталған. Індет жұқтырғандар көрсерткіші бойынша Шығыс Қазақстан облысынан кейін тұрған бас қалада блок-посттар қойылмайды. Сондай — ақ мегополиске кіретін жандардан ПТР тест нәтижесі сұралмайды. Бүгін шаһардың бас санитар дәрігері осылай деді.
Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймақтан» шықты
Дата: 14.12.2020