СОТ АЛДАНҒАН ҮЛЕСКЕРЛЕРДІ ҚОРҒАУДАН БАС ТАРТҚАН
20 апреля 2021
Елордадан баспана алып, қоныс тойын тойлаймыз деген үлескерлердің арманы он төрт жылдан бері орындалмай келеді. Құрылысы жаңадан басталған баспанаға қомақты қаражат құйғандар қолдарында барлық құжаттары болса да, пәтерлеріне кіре алмай әлек. Өйткені, серіктес компанияның басшылығы екінші қайтара сатып жіберген екен. Бұдан бөлек, құрылыста да талай құйтырқылықтың жатқандығын жайып салды. Ал, Жоғарғы сот бұл азаматтарды жәбірленушілер қатарынан алып тастапты. Шындық іздеп шырылдағандар біздің арнадан көмек сұрап хабарласты.