10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

СOVID-19: өңірлердегі ахуал

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталар емес. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік және Павлодар облысындағы жағдай алаңдатарлық. Осыған орай карантиндік шаралар әзірге бұл аймақта жеңілдемейді. Ал шетелдік мамандар  карантиндік шектеулер 2022 жылға дейін созылуы мүмкін деген болжам айтуда.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде коронавируске шалдыққандар саны күн сайын артып барады. Өткен тәулікте 716  адамнан осы індет  анықталды. Бірнеше апта бойы «қызыл аймақта» тұрған Шығыс Қазақстанда індеттің беті қайтпай  тұр.  Қабылданып жатқан шұғыл шараларға қарамастан өңір көш басында.  Мәселен бұнда өткен тәулікте — 188 адамнан коронавирус тіркелген.   Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облысында да жағдай мәз емес. Індет  жұқтырғандар саны — 90-нан асады.  Статистикаға соңғы күндері балалар да қосылуда. Сандарға сенсек, 481 бала ем-дом алуда. Ал бүгін Ақтөбеде пневмониядан 9 жастағы бала көз жұмды деген ақпарат тарады . Әзірге  оқушының нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Арнайы комиссия тексеріс жүргізуде.

БЕКБОЛАТ ІЗБАСАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Біздің өңірде  бала өлімі тіркелді. Нақты диагнозы әлі қойылған жоқ. Пневмония болуы мүмкін деген болжам бар. Нақтырақ айтсақ, арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Баланың іші ауырып, құсқан. Дәрігерлер қарап, ем қабылдады. Алдымен аудандық ауруханада ем алып, кейін облыстық ауруханаға жеткізілді. Инфекциялық ауруханада оған пневмония диагнозы қойылды. ПТР тест алынды, коронавирус инфекциясы анықталмады».

Ал, Маңғыстау мен Қызылорда облысында екі аптадан бері  бірде-бір адамнан коронавирус анықталмаған.

ГҮЛШАРА ӘБДІХАЛЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Біздің аймақта наурыздан бастап 3285 азамат осы коронавирус індетін жұқтырды. Қазіргі кезде 94,2 пайызы емделіп шықты. Біз екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Барлығы 22 инфекциялық ауруханаларда орындар дайындалды».

Ал Маңғыстау өңірі қатаң карантиндік шаралардың арқасында «жасыл аймаққа»  енді дейді өңір басшысы. Тамыз айынан бері 800 -ге жуық рейд жүргізіпті.

СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Қазір Маңғыстауда жағдай тұрақты, жасыл аймақтамыз. Індет жұқтырушылардың анын арттырмай, жағдайды барынша бақылауда ұстауға жұмыс істеп жатырмыз. Ол үшін облыс көлемінде  арнайы мониторинг топтар құрылып, тамыз айынан бері 800 ге жуық рейдтік жұмыстар жүргізілді».

Нұр-Сұлтанда карантиндік шаралар әлі де сақталады. Дегенмен сауда орындарына сенбі күні кешкі сағат 20-00 дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген.  Айта кетейік, жалпы еліміз бойынша 126 182 мың адам індетке шалдығып, 112 806 жан жазылып шыққан.

X